Әнші Қарақат: "Қалай бар, солай айтайын"

5015
Adyrna.kz Telegram

Өзінің Инстаграм парақшасында әнші Қарақат Әбілдина бала тәрбиесіне қатысты ойымен бөлісіп, қазіргі кездегі түрлі заңдардың кесір тигізетін тұстарын жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Айтсам ба, айтсам ба деп көп ойладым. Анығында бұл бір менің емес, бала өсіріп отырған көп ата-анада бар мәселе. Айтайын. Қалай бар, солай жеткізіп көрейін дедім.
Кеше кешкісін Имашым, жанталасып телефонда бірдеңені жазып жатыр, жазып жатыр. Өзі тура бір ашуланып отыр. Бір уақытта сұрадым:
- Әй балам, бас көтермей не жазып жатырсың, кімге?!
- Мынаны қараңызшы анашым, мына жерде комментарийде жазады “ ұлдар мен ұлдар, қыздар мен қыздар... Можно” - дейді. - Мен оған түсіндіріп жатырмын, қазақтарға, мұсылмандарда ондай болмайды, запрещено деп. Ал ол : это права каждого человека, все люди равны перед законом и имеют право деп жазып жатыр,- дееееп ұлым менен сұрайды:
- Болмайды ғой анашым, дұрыс емес, солай ғой ?
Мен қапелімде не айтарымды білмей кібіртіктеп қалдым алғашқыда. Содан барып:
- Иә балам, Алла бетін әрі қылсын ондай сұмдықтың. Ол тіпті талқыланатындай тақырып емес. Мұсылмандыққа тіптен де жат нәрсе,- деп әңгімеміз аяқталды.
Енді сол кешелі бері ойымда осы диалог.
Әлеуметтік желіде 12-13 жасар жеткіншектер талқылап жүрген тақырыптың түрін қараңыз. Онсызда баланың тәрбиесі қыл үстінде тұрған бұл уақытта шеттен келген мына заңның кесірі-ай. “Гендерное равноправие” дей ме, “жынысын ауыстыруға құқылы”,
“10 жастан бастапқы барша қыз-балаға жыныстық тәрбие” дей ме... Құлаққа қонғысыз.
Тіліміз ол кетті тізгінсіз. Ендігі тіпті уыстан шықты. Интернетте бәрі жатыр ашықтан ашық. Біз айтпай-ақ бәрін біліп тұр олар. Одан да сол интернеттегі ұсқынсыз масқараның бәрінің көзін жойып, қолжетімсіз етіп қойса дейсің. Қиын бір шақ болып тұр. Бұл уақытта айналып келгенде тағы да өзімізге мықты болу керек. Ата-анадан көрген тәлім-тәрбиені ұқтырып, салт-дәстүрді үйретіп өсіргіміз келеді ғой. Ал баланың ортасы, айналасы, бұлардың өй-өрісі, сана-сезімі тіпті басқа. Қазіргі балалар кезінде біз сыйған шаблонға сыймайды. Бұл балалар бөлек. Тек абайлап, амалдап қана, жақсыны жеткізіп, жаманды айырып үйретуге тырысамыз.
Алла әрнерсенің де қайырын берсін!»

Пікірлер