14,5 кг астам марихуанамен ұсталды

2016
Adyrna.kz Telegram

57 жастағы Петропавл тұрғыны 14,5 кг астам марихуанамен ұсталды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды: ер адам Астана және Бөкетов көшелерінің қиылысында ұсталды. Қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, Volkswagen автомашинасының салонында скотчпен оралған үш полиэтилен пакет салынған қапты анықтады. Ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат болды. Сот-химиялық сараптаманың актісі алынған заттың салмағы 14 кг 540 грамм кептірілген марихуана екендігін көрсетті.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған қамауға алынды, тергеу жүргізілуде. Ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін екі рет соттылығы бар. Аса ірі мөлшерде есiрткi құралдарын өткізгені үшін 2008 жылы сотталған. Бас бостандығынан айыру орнынан 2018 жылы босап шыққан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер