Ресейге қай елдер санкция салмақшы

4994
Adyrna.kz Telegram

Еуроодақ тарапынан Ресейге қарсы санкция дайындалып жатыр. Негізгі себеп - Навальныйдың қамалуы және сенбі күнгі бас көтерулерді аяусыз басып-жаныштау деп жазады Қуаныш Еділхантегі өзінің парақшасында.

Сыртқы саяси мәселелерді жіті назарда ұстайтын автор бұл жолы Ресейдегі жағдайға қатысты ойымен бөлісті. «Германияда ХДС партиясының жаңа басшысы тарапынан Ресейге қарсы санкцияларды жұмсартуға немесе алып тастауға еш себеп жоқ деп мәлімделгенін бұған дейін айтқанбыз.

Франция СІМ РФ-ға қарсы өте салмақты санкциялар салу керек деп мәлімдеді.

Жаңа санкциялар туралы Латвия мен Эстония мәлімдеме жасады, олар да дұрысырақ санкциялар салынуын қолдайды.

Италия СІМ де санкция салуды қолдады. Шетелге шығу, активтерді бұғаттау туралы болуы мүмкін деп салынғалы дайындалып жатқан санкциялардың шет-жағасын айтып өтті.

Санкцияны қолдайтындығын Румыния да қуаттады. Осындай жаңалықтардан кейін рубльдің құлдырауы үдеген.

Күн өткен сайын Трамптың қылмыстары ашылып келеді. Ол АҚШ Әділет министрлігінен сайлау қорытындысын өзгертуді талап еткені белгілі болды. Оған келіспегендіктен ол ӘМ басшысын жұмыстан шығарып орнына өз адамын қойғысы келген, алайда мұны естіген ӘМ-нің бүкіл аппарат қызметкерлері жаппай жұмыстан шығуға бел байлаған. Трамп амалсыз бұл жоспарынан уақытша бас тартқан.

Капитолийдегі шабуылға байланысты енді Трамптың бизнесіне айтарлықтай нұқсан келуі мүмкін екен. Сондай-ақ оны Давос форумына енді қатыспайтындай етіп аккредитациясын алып тастаған. Басқа да экономикалық форумдар оны өз қатарларынан шығарып тастауға жұмыстанып жатқандары белгілі болды».

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер