Ресейдегі жағдай Қазақстан үшін маңызды

5069
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің барлық ірі қалаларында ауқымды митингтер өтті. Reuters мәліметінше, Мәскеудегі Пушкин алаңына ғана 40 мыңнан астам адам жиналған. Халық Навальныйдың бостандыққа шығуын, РФ президентінің тақтан кетуін талап етуде.Бұл 2012 жылғы «Болотная» көтерілісінен кейінгі екінші кең масштабты ереуіл.

Навальныйдың 2 сағаттық «Әлемдегі ең ірі пара» деректі зерттеу фильмін көріп шықтым. Үш күнде 70 млн қаралым жинады. Бұл рекордтық көрсеткіш. Сұмдық үлкен аудитория.

Кері әсер деген болады ғой. Бұған дейін саясаткер Борис Немцовты Кремльге барар көпірдің үстінде киллерлер атып кеткенде, ел наразылығы одан сайын күшейген еді. Немцовты өлтіргендер, оны орыс оппозициясының символы қылды.

Екінші рет, Навальныйдың оқиғасы. Германиялық «Шарите» емханасы оның осыған дейін «Новичок» химиялық соғыс қаруымен уланғанын растады.

Енді Ресейге оралғанда саясаткерді әуежайдан бірден түрмеге қамауы, тағы да сондай кері әсер тудырды. Бұған дейін Навальныйды қолдамағандар да оның жақтасы болады енді. Билік өз қолымен оны Путиннен кейінгі №2 саясаткер қылды.

Ал, бізге көрші елдегі саяси процестерді жіті бақылау керек. Ресей мен Белоруссиядағы жағдайлар Қазақстан үшін де маңызды.

Митингке шыққандардың дені әлеуметтік жағдайдың төмендігін де айтып жатыр.

Осы орайда ресейлік депутат, шенеуніктердің қазақ жеріне қатысты сөздері есіме түсіп отыр. Қырым, Осетия, Абхазия, Донецк, Луганск бар...

Өзге елді отқа орағанша, өз еліңді баққа ора!

Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ,

әлеуметтік желідегі жазбасынан.

Пікірлер