Вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды

5332
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/22deda92-1ed4-44e1-ac37-72180623faba.jpeg
Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген. Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии