Ер баланы моншада зорлаған: Күдікті іздестіріліп жатыр

1781

Қырғызстанның әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде бүгін таңертеңнен бері 20 жас шамасындағы жігіттің кәмелет жасына толмаған ер баланы зорлап жатқаны туралы бейнеролик тараған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әзірге видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз. Кадрға қарағанда оқиға моншада орын алған. Зорлық қылған жігі жасөспірім баланы ұстап оған қоқан-лоққы көрсеткен. Ал бала оны босатуын өтінуде. Әңгіменің бәрі қырғыз тілінде.

Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі журналистерге полиция қызметкерлері зорлаушы жігітті іздеуді бастағанын мәлім етті. Қазіргі уақытта барлық облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі ішкі істер басқармаларына күдіктіні іздеуге бағдар берілген. Қырғыз ІІМ өкілдері жақын арада күдікті ұсталуы тиіс деп есептейді.

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар