Ресейде балаларды заңсыз жаппай акцияға қатысуға шақырған 89 пайыз жарияланымдар жойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы "Роскомнадзор" мәлімдеме таратты.
Қадағалау ведомствосының мәліметінше әлеуметтік желілерде өте көп акцияға қатысуға үгіттеген шақыртулар етек алған.
"Қазіргі сәтте мұндай хабарламалардың 89 пайызы жойылды. Ең көп таралған үндеулер TikTok және Вконтакте әлеуметтік желілерінде болды. Қазірдің өзінде сәйкесінше 93% және 87%-ы жойылды, - деді ведостводан.
Интернет -ресурс иелеріне тыйым салынған ақпаратарға қолжетімділік тәртібін бұзғаны үшін 800 мыңнан 4 миллион рубльге дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылыпты. Ал заңбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жылдық табыс сомасының оннан бір бөлігіне дейін ұлғайтылмақ.
Осыған дейін Ресей ІІМ рұқсат етілмеген акцияларға азаматтарды, оның ішінде балаларды тартуға жол берілмейтіні туралы ескерткен. Сонымен қатар, полиция митингте күш-құрылымдарға арандаушылық үшін жауапкершілік туралы еске салған. Ал 22 қаңтарда тергеу комитеті кәмелет жасына толмағандарды келісілмеген шараға тарту фактілері бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.