Қазақ қызы Джо Байденге кеңес береді

1012

АҚШ-тың Ақ үйінде Президент әкімшілігінде жұмыс істейтін қазақ қызы Джо Байден Президент тағына отырғаннан кейін қызметі жоғарылады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әсел Робертс осы уақытқа дейін АҚШ-тың үш президентімен қызметтес болған.

 Бүгіннен бастап жерлесіміз Әсел Робертс (Төленова) АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы қызметіне кірісті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында хабарлады.

«"Әсел К.Робертс 2021 жылдың 20 қаңтарынан АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы лауазымына кірісті. Протокол басшысы кеңсесінде 15 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарған еді", - делінген хабарламада.

Протокол басшысы АҚШ мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы саналады, ол АҚШ президенті, вице-президенті мен мемлекеттік хатшысына кеңес береді

Әсел 1993 жылы Джорджтаун университетінің Эммунд Уолш атындағы дипломатиялық қызмет мектебін түсіп, оны ойдағыдай тәмәмдап шыққан. Осыған дейін әлеуметтік желілерде Әсел Робертстің АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обамамен және жаңадан сайланған Джо Байденмен түскен суреттері тараған еді.

Әсел Робертс (Төленова) 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келіпті. АҚШ-тың Президент әкімшілігінде бірнеше жылдар бойы жауапты қызмет атқарған қазақ қызы ана тілімен қоса, орыс және жапон тілдерінде еркін сөйлейді.

Factcheck.kz сайтынының мәлімдеуінше, Әсел Робертс (Төленова) АҚШ протоколында көп жылдан бері жұмыс істеген. Ал, FederalPay.org мемлекеттік қызметкерлеріне арналған ресурс деректеріне сәйкес, 2005 жылға дейін Әсел Алматыда қызмет атқарған. АҚШ мемлекеттік қызметінде кем дегенде 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

Әсел Төленова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетіне дипломатиялық қатынастар факультетіне түсті, ал бес жылдан кейін АҚШ президентінің протокол департаментіне қызметке кірді. 2014 жылы ол департамент бастығының орынбасары лауазымын алды. 2014 жылы АҚШ президенті протоколы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған Әсел, енді протокол басшысы болып қызмет етпек.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар