Полицей қағып кеткен әйел сол сәтте жан тапсырды

3866
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Қатты соққыдан 48 жастағы әйел сол сәтте жан тапсырған. Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайға себепкер болған тәртіп сақшысы оқиға орнынан қашып кетті деген еді. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды.

Куәгерлер «жүргізуші мас болған, әрі өзінің полицияда істейтінін жасыру үшін қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкетті» деп дабыл қаққан. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шықан жүргіншіні аға лейтенант абайсызда таптап өткен. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті «күдікті жазасыз қалмайды» деп сендірді.

«Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, сараптама тағайындалды»,-деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер