Навальный әуежайда ұсталды

3582
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Шереметьево әуежайында ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Шереметьево әуежайында Ресейдің ЖОФҚ басқармасының Мәскеудегі қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері шартты жазаға сотталған Алексей Навальныйды ұстады. Ол 2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін іздеуде болды", — делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін жазаны орындау федералды қызметі оппозиционердің шартты мерзімді өтеу ережелерін бұзғанын және жақын арада ұсталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында саясаткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтері бойынша, Алексей Навальный көмекшілерімен бірге әртүрлі коммерциялық емес қорларға тиесілі 356 миллион рубльден астам ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

13 қаңтарда оппозиционер әлеуметтік желілерде еліне қайтатынын хабарлады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер