НҰРГЕЛДІ ӘБДІҒАНИ: Орысша ант бергендер қазаққа адал қызмет ете ме?

3373
Adyrna.kz Telegram

Буларов деген Ассамблеядан сайланған депутат қазақша ежіктеп, мыңқ-мық етіп, екі жол сөзді айта алмады. Сосын, Имашев: "Қайтадан, асықпай айтыңыз", - деді. Буларов Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында әкім болған...

Айтпақшы, бұл Бұларов алғашқыда Конституцияға қол қоймапты. Екінші жолы ескертуден соң барып, қолын қойған.

Бүгін жаңа депутаттардың дені мемлекеттік тілде, қазақ тілінде ант берді. Олардың арасында Әбілпаз Хамедов, Вакиль Набиев, Наталья Деменьтева, Ильяс Буларов секілді өзге ұлт өкілдері де қазақшаға тілдерін бұрады. Ал кейбіреулері (жоғарыдағы тоғызы) Қазақстанның ең басты Заң шығарушы органының мінберінен өзге елдің мемлекеттік тілінде, орыс тілінде Қазақстан халқына ант берді.

Біздегі жалқы сұрақ - орысша ант бергендер Қазақстан халқына, қазақ халқына адал қызмет ете ме?

Пікірлер