Көк теңіздің келбеті

2634
Adyrna.kz Telegram
(Ресейлік суретші Гүлзипа Қазиеваның шығармашылығы хақында)
Теңіз қолтығына тығылып алып, алаңсыз бұйығып жатқан Қаратерең ауылынан өрген өнер тарландары жетіп артылады. Біздің кластың өзінен ғана ұлт руханиятына олжа салған бір кәсіби киноактриса, бір кәсіби театр актері шықты. Ал сабақ үстінде терезеден алыс көкжиекке көз тастап қойып, шартарапты ойша шарлап, алдындағы ақ қағазды дамылсыз сызғылап отыратын арманшыл қыз ақыры танымал қылқалам шеберіне айналды.
Көп жылдың жүзі болды, менің кластасым, талантты суретші Гүлзипа Қазиева (Жексембиева) Ресейде тұрады. Сол елдегі қазақтардың мұң-мұқтажын барша жұртқа бейнелеу өнерінің тілімен жеткізеді. Жас өрендерді қылқалам ұстауға баулиды. Талай рет жеке көрмесін өткізіп, бірнеше жүлдеге ие болған майталман маман. Алайда, көңілінің төріндегі тұрлаулы тақырыбы – Арал тағдыры. Өзінің бала кезіндегі көк теңіздің келбетін қайта-қайта бедерлеп, жүрегіне жазудан жалыққан емес. Ол осы арқылы айдынды Аралдың кемеріне қайта толғанын аңсайтын шығар.
Содан соң сірә, аңсарлы да астарлы ойын бояудың тілімен білдіретін болар...
Бауыржан ОМАРҰЛЫ
Пікірлер