ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Қазақты мидай араластырып жіберу керек

2914

"Жершілдік" деген де "рушылдық" секілді дерт...

Шымкентке қызметке келген әншілер туралы біреулер жалаулатып жатыр.

Мәселен, өз басым Ресейдің Астраханында туған беріш, Омбыда туған қыпшақ, Баянөлгейде туған керей, Қытайда туған найман, Түрікменстанда туған адай баласы Шымкентке қызметке келсе тек қуанар едім.

"Оңтүстікте мектеп ашамын" деген Рысбек Мәуіт, Аятжан Ахметжанұлы секілді азаматтарға қолымнан келгенінше көмек бердім.

Бір әулет, бір ру болып шоғырлана қоныстанатын заман артта қалды...Қазір бізге қазақты мидай сапырылыстырып, араластырып жіберу керек.

Осыдан бірер ай бұрын Шымкенттік бір қарындасым осында бір мекемені басқаратын Павлодарлық азамат туралы аздап оғаштау пікірлер жазып жатыр екен.

Сол қарындасыма телефон шалып,

- Мен Павлодарға біраз азаматтың қоныс аударуына түрткі болдым. Ал енді сенің постыңды оқыған өзің секілді Павлодарлық азаматтар әлгі жерлестерімізді түрткілей бастаса не істейміз? - дедім...

Қарындас түсінді-ау деймін, тоқтатты.

Егер заң бұзылмаса артық әңгімені доғарайық.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket