Популистер нағыз ұлттың жауы емес пе?

1691
Adyrna.kz Telegram

Депутат болғысы келетіндердің көбінің мақсаты - жайлы өмір іздеу. Заңды, заңсыз жолмен оңай табыс табу.

Парламент - шындық үшін айғайлап, митинг ұйымдастыратын орын емес.

Ол небары күнделікті заң шығарумен айналысатын, шығармашылық жұмыс деп қабылдануы керек.

Біз шындықты көшеде де, ТВ-да да еркін айта беретін қоғам құруымыз қажет.

Ұлтқа, елге қызмет ету үшін депутат болу шарт емес.

Қоғамның дамуына қатысты ұсыныс-тілек болса көпшілікке жарияла, тиісті орындарға жолдап түсіндіруге тырыс.

Мысалы мұғалім болсаң сабағыңды сапалы өткіз. Таксист болсаң қызметіңді жөнімен жаса.

Сенің ұлтқа деген жанашырлығың сонымен өлшенеді.

Әйтпесе сайлау сайын "елім" деп егіліп, "жұртым" деп жыртылып не керек.

Сөздері мен істеріне қарасаң патриоттан гөрі провокаторға көбірек ұқсайды.

Барлығы құдды бір сырт елге соғысқа немесе Ресей Думасына бара жатқандай "қазақтың мүддесін қорғауға барам" деп өзінше "қосымша міндет" арқалап алған. Егер сен Қазақ Парламентінде депутат болсаң елге адал жұмыс істеу онсыз да басты міндетің.

Егер депутат болмасаң ұлтың қажет емес пе?

Біреуі "ауылдан шыққанмын, ауыл мәселесін көтеремін" деп, енді бірі "жастар мәселесін қозғаймын" деп, бірі "өнер адамдарын қолдаймын" деп Парламентке кетіп барады.

Парламентте 100 түрлі бағытта заңдар талқыланып, қабылданады. Өздері түсінбейтін бағыттағы заң жобалары алдына келгенде "мен бұл заңды түсінбеймін, бұған қатыспаймын" демейді ғой, сосын оны автоматом қабылдай береді. Мүмкін тура сол заңдардың ішінде мемлекет мүддесіне қайшы баптар кетіп бара жатқан болар?

Егер оны түсінбесе бұл популистер нағыз ұлттың жауы емес пе?

Бізге "депутаты от народа" керек емес, бізге "депутаты для народа" керек.

Мысалы делитант депутаттар мына заңнан не түсінеді?

«О ратификации Протокола о внесении дополнения в Конвенцию между Правительством Республики Казахстан и Правительством Великого Герцогства Люксембург об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал, подписанную в Астане 26 июня 2008 года, с учетом изменений, внесенных Протоколом, подписанным в Люксембурге 3 мая 2012 года»

 

Айдос Аманбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер