Аймуханбет Бейсембеков: ШҚО әкімі Даниал Ахметовтен жауап күтеміз

411
Мынау нағыз қазақтың намысын қорлау! 80% қазақтар тұратын Шығыс өңірі Абай елінен ҚР Мәжілісіне депутаттыққа бір ғана қазақтың өтуі - шығыстық қазақтардың намысын қорлау! Жер көлемі Франциямен теңесетін, 2 миллион халқы бар Шығыс Қазақстаннан Парламентте халық сөзін сөйлейтін елге танымал депутат болатын бір қазақ азаматының шықпағаны ма? 
Сайлауалды өткен праймеризден 1-орын алған іскер жас жігіт Азат Сарпековтың тізімге ілінбей қалғаны қалай?
Мәжілістегі ең бір ел қамын ойлайтын батыр да, батыл шығыстық Нұртай Сәблияновтың тізімге ілінбеуі де жұмбақ! Полигонның зардабынан әлі құтылмаған, жұмыссыздары мен баспанасыздары ең көп өңірдің бірі, өзі 2 мемлекетпен шектесетін облыс, облыс әкімдіктері рек Ресей тілімен жұмыс жүргізетін, мемлекеттік тілдің ең бір сорлаған жерінде, Парламентке қазақтан бір ғана депутаттың өтуі - бұл нағыз ұлттық саясатқа қарсы әрекет.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтен облыстық "Нұр Отанның төрағасы ретінде осы мәселе туралы халыққа түсініктеме беруін талап етеміз!.
(Фотода мәжіліске өткендер)
Айтмухамбет Бейсембековтың facebook парақшасынан алынды
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Басқа материалдар