Элизабет Турсынбаева Бурабай көлінде би биледі

1181

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының намысын әлемдік ареналарда сәтті қорғап жүрген Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде мұз айдынында биледі. Ол өзінің орындауындағы биді Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. 

Спортшы өзінің мұз айдынындағы биін Димаш Құдайбергеннің музыкасымен орындады.

Ол Бурабайға алғаш рет келгенін жазды.

"Мен осы ғажайып әдемілікті көріп қана қоймай, уақытымды тиімді өткіздім. Менің кішкентай арманым орындалды. Мен көл айдынында Димаш Құдайбергеннің маған қатты ұнайтын "Знай" мелодиясының ырғағымен би биледім. Соңғы уақытта ол менің есімнен шықпай қойды, - деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.

Элизабет Тұрсынбаева қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың арасында тұңғыш рет ресми жарыстарда төрт мәрте секіріп билегенін атап өткен жөн. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы