Ақбота Керімбекова лауазымды қызметке тағайындалды

10023
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/826a4265-2202-4463-9c5d-d57233c9594c.jpeg
Қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова лауазымды қызметке тағайындалды. Қуанышты хабарды әнші, сазгер Индира Елубаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
“Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке , бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер.Өркендеуге нәсіп етсін Алла”,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии