Қай партияға қанша мандат беріледі?

2290
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/f14347a1-ee30-4f24-9ec2-68967e82645d.jpeg
Орталық сайлау комиссиясы Парламент сайлауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Дауыс беру қорытындылары бойынша Мәжіліске үш партия өтті:
- «Nur Otan» партиясы – 71,09%; - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95%; - «Қазақстанның Халық партиясы» – 9,10%.
Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «ADAL» саяси партиясы қажетті 7% дауысты жинай алмады. Мәжілістегі депутаттық манданттар саны бойынша «Nur Otan» партиясында 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясында 12 мандат, «Қазақстанның Халық партиясында» 10 мандат бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии