«Сайлауда ақ жаулықты анамыз екеуміз дауыс бердік»

2339
Adyrna.kz Telegram

Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Шымкент қаласында алғаш рет 74 жастағы ақ жаулықты анам екеуміз өз таңдауымызды жасадық. Қыс мезгілінің қаңтар айы болса да, бүгін Шымқалада күн шуақ шашып тұр. Құдды бір күннің өзі бізге қарайласып тұрғандай.

Өзім жетекшілік ететін «Шымкент қалалық Мәдениет үйіндегі» №231 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген азаматтардың мерекелік көңіл күйде жүргенін көріп қуандым. Бұл - біздің қоғамның саяси сауаттылығы артқандығын, елдің ертеңіне алаңдаушылық білдіретінін көрсетеді.

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ,
«Шымкент қалалық мәдениет үйі»

МКҚК директорының міндетін атқарушысы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер

Пікірлер