ҚХП «қызыл автобус» акциясын қорытындылады

1931
Adyrna.kz Telegram

8 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясының баспасөз конференциясы өтті. Брифингті ұйымдастырушылар ҚХП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен «URANkz» РҚБ өкілдерін біріктірген «қызыл автобус» акциясының қорытындыларымен бөлісті.

Бірнеше ай бойы, соның ішінде сайлау алдындағы үгіт кезеңінде ҚХП атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар журналистермен және блогерлермен бірге еліміздің өңірлерін аралады. «URANkz» қозғалысының және партияның мүшелері Қазақстанның түкпір-түкпірінде адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын өз көздерімен көрді. Олар жергілікті билік тарапынан жылдар бойы шешілмеген негізгі проблемаларды анықтады.

– Проблемалар өте көп және олар әр салада бар. Атқарушы билікке қатысты көптеген мәселелер бар. Неге біздің азаматтар әлі күнге дейін сапалы қызмет ала алмайды? Цифрландыру дәуірінде адамдар әлі күнге дейін құдықтардан су алып, пеш жағуда, әйелдер мен балалар көмір мен отын тасуда? Кейбір аудандарда байланыс жоқ. Интернет туралы айтудың қажеті де жоқ. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан біздің азаматтарымыз мемлекеттің нақты қолдауын сезінбей отыр, – деп пікір білдірді ҚХП атынан депутаттығына кандидат Файзолла Каменов.

Өңірлерді аралай отырып, акцияға қатысушылар шалғай өңірлер мен ауылдарда проблемалар өте көп деген қорытындыға келді. Оларды мемлекеттік деңгейде көтеріп, Парламентте талқылау қажет. Сондықтан «қызыл автобус» акциясын ұйымдастырушылар өңірлердегі жағдайды барынша жақсарту үшін өз бастамалары мен жұмыстарын одан әрі ілгерілетуге ниетті.

– Біз жақында «қызыл автобус» акциясы аясында Тайтөбе ауылына бардық. Адамдар жаңа жылды жарықсыз қарсы алды. Бұл мәселені жергілікті әкім туындаған сәтте-ақ шешуге тиіс еді. Кейбір тұрғындар электр энергиясын өз күшімен өндіруге мәжбүр. Бірі күн батареяларын орнатса, енді электр генераторларын пайдаланады. Ал қалған тұрғындар көршілерінен жарық сатып алады. Бұл дұрыс емес, әрине – деді депутаттыққа кандидат, «URANkz» қозғалысының мүшесі Сергей Решетников.

Брифингке қатысушылар өңірлердегі проблемаларға қатысты мысалдарды көптеп айтуға болатынын атап өтті. ҚХП өкілдері қоғамда партия өкілдеріне айтылған барлық ұсыныстарды қолдайтынына сенім білдірді. Бұл –Қазақстанның аумақтық тұтастығы, мемлекеттік тілді дамыту, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және т. б. жөніндегі мәлімдемелер.

 

Пікірлер