Газ баллонның жарылысынан 2 адам зардап шекті

1878
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте газ баллонның жарылысынан 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекші-диспетчерлік қызметіне 2021 жылғы 07 қаңтарда Еңбекші ауданының Жұлдыз шағынауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 50 л. өртсіз газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жарылыс 30 ш.м. қабырғаның құлауына әкеліп соқты. Үйдің жалпы ауданы – 144 ш. м. Оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

«Кешкі уақытта 06 қаңтарда үй иесі қауіпсіздік техникасын бұзып, баллонды газбен толтырған (50 литрлік газ баллоны толығымен толтырылды), оны үйдің ішіне кіргізген. Түнде газдың иісін сезіп, үй иесі тексеруге тұрған, абайсызда электржарығы қосылған (алдын ала нұсқа). Осы себепті газ-ауа тарсылы пайда болды, содан кейін жарылыс орын алды»,-делінген хабарламада.

Жарылыс нәтижесінде 1985 жылы туған азаматша, үй иесі екі қолдың, аяқтың және беттің 2-3 дәрежелі 23% күйік диагнозымен, 2006 ж. т. үй иесінің қызы кеуде қуысының жарақаты диагнозымен, орташа ауырлықтағы жағдаймен ауруханаға жатқызылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер