2020 жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоо-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты.
Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар:
- М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
- Қазақстан-Британ университеті;
- КИМЭП университеті;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
- Қазақстан-Неміс университеті;
- Сүлеймен Демирел атындағы университет;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- Халықаралық білім беру корпорациясы;
- Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
- Нархоз университеті.