Жаңа жылды тойлау ірі авиакатастроваға әкеліп соға жаздады

1768
Adyrna.kz Telegram

Орландодан (АҚШ) Боготаға (Колумбия) рейс жасаған Avianca авиакомпаниясының аэробусы Жаңа жыл қарсаңында Эль-Дорадо әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды the Aviation Herald.

Бұған  ауада қалықтап  жүрген үлкен затпен соқтығысу себеп  болды.

Ұшақ ауада үлкен пластикалық затпен соқтығысқан кезде, оның  сол қозғалтқышы, сол қанаты және сол жақ көлденең тұрақтандырғышы, сондай-ақ оң қозғалтқышы, оң қанаты  және оң жақ көлденең тұрақтандырғышы  пластикалық затпен шатасып қалған. Дегенмен, экипаж ұшу-қону жолағына сәтті қонды.

Куәгерлердің видеосына қарағанда, ұшақ Жаңа жылдық мерекелік әшекейлерге оралып қалғанға ұқсайды.

Бейнежазба Twitter-де жарияланды. Ол бейнежазбаны көргендер  ұшақ апатына ұшырата жаздаған адамдарды айыптап, пікірлер қалдырып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

фото ашық дереккөзден алынды

Пікірлер