2021 жылы бізді не күтіп тұр?

1684

Ертең, яғни желтоқсанның 31-і, түнгі сағат 12-ден ауғанда, жаңа 2021 жыл басталады. 2020 жыл әлемдегі барша адамзаттың есінде ауыр жыл ретінде есте қалғаны сөзсіз. Биыл жер планетасын коронавирус індеті жайлап, адамдарды әбден әбігерге салды. Карантиннен көз ашпаған жұрт үйлеріне қамалып, қаншама адам індеттен көз жұмды. Енді келесі жыл қалай болмақ? Алдағы жылдан не күтеміз? ҚР " Сақтар рухани медицина орталығының» емшісі, жұлдызшы Әйгерім Әбдіқұл өз болжамын төмендегіше жасапты.  

⠀Былтыр 2020 жылға болжам жазған болатынмын. Бірақ жазғанымды ұмытып кеткен кезде, оқырмандарым болжамым орындалып жатқанын есіме салды осы жаздағы карантин кезінде. Келе жатқан 2021 жылға болжамымды осы жерге қалдырайын, бәрі Аллахтың қолында, мен тек себепші ретінде, Сіздерге пайда әкелсін деген ниетпен ескерту.

2021 жыл кішкене ауа-райы бойынша ерекше жыл болмақ. Жұлдыздары қарама-қарсы адамдар, яғни бір-бірін жақтырмайтын адамдар, бір-бірінен алшақтау болғаны дұрыс, себебі көп адамдар да психологиялық агрессия пайда болуы мүмкін.
Сабырлы болатын болсақ, 2021 жыл соңғы айларында көп несібе мен береке келеді. Сабырлыққа шақырамын, Ағайын) Қандай жағдай болса да тез ашуға берілмей, үндемей қоя салайық.

2021 жылдың май айыннан кейін үкіметте өзгерістер пайда болады. Яғни, заң емес, жоғары лауазымды адамдардың орындары өзгереді.

Ақпан айында кішкене тосыннан Қазахстан бойынша өзгеріс болайын деп тұр. Ойда жоқта халыққа байланысты бір өзгерістер пайда бола бастайды.

Әлем бойынша жылдың соңына дейін карантин созылып жалғасады.
Ауру қатты басылмайды, бірақ сақтық шараларын жасап, иммунитетті көтеру қажет.

Биылғы жыл көп адамдар әрекет жасаса үйлі болатын жыл. Ақпан, наурыз, сәуір айларында және қыркүйек, қазан айларында сәтті кез болады үй алуға. Әрекет жасаңыздар осы бастан. Ақшаларыңызды жинап, ниет етіп үй алуға.

Жылдың ортасы әлем екіге бөлінетін жыл. Неге екенін білмеймін, екі тарапқа бөлінеді ма, екі бөлінетін кез болады.

Психологиялық ауытқуы бар адамдар, кішкене өз-өзіне қарағаны дұрыс. Себебі, биыл ауа-райы астрологиялық тұрғыдан қысымы жоғары ол әсер етпей қоймайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы да көп мәселелер шешіледі. Ажырасуға немесе отбасы құруға көп келісім болатын жыл.
Тамыз айынан кейін жүктілік көп түсіп тұр.

Бұл жылы бір жаманы бір-бірімен ерегісіп қалатын, қақтығыс көп болады. Сол үшін бір - бірлерінен алшақ болу қажет немесе бірі ашуланса, екіншісі ашуланбау қажет.
Бәрі бір Аллахтың қалауымен болады, бірақ сонда да адамдар өз-өздеріне қараған жөн. Бас ауруы, ішек, геморрой секілді аурулар, жұтқыншақ ауруы қысуы мүмкін. Буын қақсайды.

«Адырна» ұлттық порталы.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket