3,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырды

2330
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/45b532bd-2bac-4075-bf53-e575294ffe04.jpeg
Елімізде оқушылар арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші өсіп жатыр. Оқу жылының басынан бері 3 658 баладан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеген.
«Оқу жылының басынан бері 3 658 бала коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 994 оқушы кезекші сыныптарда оқыған. Бұл офлайн режимде оқып жатқан оқушылардың жалпы санының 0,1 пайызы. Ал қалған 2 664 бала қашықтан білім алған», - деді ол.
Вице-минитр сондай-ақ үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптарға аралас оқытуға рұқсат берілгенін еске салды.
«Бұл 9,11,12-сыныптар. Сонымен қатар, IІ семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де аралас оқиды»,- деді Шоранов.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии