Жасөспірім қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

3588
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында ер адамға кәмелет жасына толмаған қызын зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бұл жағдай қыз аудандық ауруханаға барғаннан кейін белгілі болған. 23 желтоқсан күні Түлкібас ауданы полиция бөліміне ауруханадан қоңырау түскен.

"Фельдшердің айтуынша, кәмелетке толмаған қыз іші ауырып, ауруханаға түскен. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер жасөспірімнің жүктіліктің жетінші айында екенін анықтап, бірден полицияға хабарлаған", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша тіркелген. Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ол ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер