Абай Құнанбайұлының шөпшегі дүниеден озды

6800
Adyrna.kz Telegram

Абай Құнанбайұлының шөпшегі Айдар Ақылбаев дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы Абай қорық-музейінің экс-директоры Жандос Әубәкір Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды.

“Хакім Абайдың Алматы қаласында тұратын ұрпағы Айдар Бағфурұлы дүниеден озыпты. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!»-деді ол.

Айдар Ақылбаев 1949 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласында қызмет істеген.

Айта кетейік, марқұмның артында ұлы, Абайдың қазіргі күнгі еркек кіндіктен тараған соңғы ұрпағы Данияр Ақылбаев қалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер