Телеарналар тілін мемлекеттік тілге 100 пайыз көшіруіміз керек!

2646

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Нұртөре Жүсіп "Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, ғылым бағыты бойынша "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлы Нұртөре Жүсіпке төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Ресей мемлекеттік думасының депутаттарының қазақ жеріне қатысты айтқан сөздері ел ішінде талқыланып жатыр.

Бұл депутаттардың Қазақстанға шүйлігуіне, саяси-психологиялық әдістеріне байланысты өз пікіріңізді білдірсеңіз.

2) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл – рухани жаңғырудың өзегі және ұлт болып кірісетін принципті мәселе.

Алайда орыстілді мектептер кириллицада қала береді дегенді де естідік.
Бұл тұрғыда не айтасыз?

3) Орыс болайын десе түрі, қазақ болайын десе тілі келмейтін қазақтардың саны әлі де азаймай тұр.

«Берегиня» орыс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Елизавета Седышева «Біздің болашақ балаларымыздың тілі қазақша шығуы тиіс. Сондықтан ең алдымен телеарналар тілін мемлекеттік тілге 100 пайыз көшіруіміз керек», — дейді. Алып-қосарыңыз.

4) Мемлекеттік тілді білуді міндеттемей тіл мәселесінің күрмеуі шешілмейтіні анық.

Тіл білуді міндеттейік десек, алдымызда Конституцияның 7-бабының 2-тармағы тұр. Тіпті Конституцияның 14-бабының 2-тармағы бойынша "ұлтына, тіліне қарай кемсітуші"
ретінде көрінуіміз мүмкін.

Өстіп жүргенімізге 30 жыл болды. Ертең мен 32 толамын.

Қазақ тілі мемлекеттің барлық саласында функционалдық тұрғыда қашан үстемдікке ие болады деп ойлайсыз?

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

(Инстаграм: kuanysh_zhumabekuly

YouTube: Қуаныш Жұмабекұлы)

Пікірлер
Редакция таңдауы