Ауыл тұрғыны арақ ішіп бұқа тасыған

6110
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында көлік жүргізу куәлігі жоқ ауыл тұрғыны мас күйде бұқа тасыған, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 желтоқсандағы сағат 08.30-да Алматы-Өскемен тасжолының 230-шақырымында Көксу ауданындағы Балпық би ауылында полицейлер Volkswagen Golf көлігін тоқтатқан. 31 жастағы тұрғын мас екені анықталған.

Тәртіп сақшылары көліктің артқы жағында жолаушы орнында төрт айлық бұқа болғанын көрген.

"Жүргізуші 2019 жылы үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мас жүргізуші көрші ауылда тұратын ағасына бұқаны апарып бермек болған, алайда оны полицейлер ұстап алған", - дейді Көксу аудандық полиция бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдіктіге келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер