Саяси белсендінің көлігі жанып кетті

1919
Adyrna.kz Telegram
Кеше түнгі сағат 2 ден кете саясаттанушы ғалым, проф. Есенғазы Куандық
ағамыздың автокөлігін белгісіз біреулер қасақана өртеп кетіпті. Көрші-көлеммен жабылып жүріп әрең өшіріп болғаннан кейінгі көрініс мынау...
Бұл кісі сонау 1995 жылдары маған саясаттану пәнінен сабақ берген және өзінің сауаттылығымен, принципшілдігімен есте қалып қойған аз ұстазымыздың бірі болатын.
Профессордың өзі бұны сөзсіз тапсырыс деп қабылдайды және оған негізде жоқ емес. Есенғазы аға министрлерден бастап прокурорлар мен судьяларды өз конституциялық құқығын шектегенін айыптап, 300 ге жуық құқық қорғау офицерлерін люстрация тізіміне кіргізіп шағым жазған. Және соңғы кездері саяси белсенділігіменде көзге түсіп жүр.
Не дейміз енді, биліктің және билік қолшоқпарлары алдында бұ күнде бәрімізде шарасызбыз аға...
Абзал Құспанның "Facebook" парақшасынан алынды.
«Адырна» ұлттық порталы
Пікірлер