Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды

3529
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/addd355a-fddf-4e6e-8fca-f39a2cde4031.jpeg
13 желтоқсан күні сағат 12.45-те Ақтоғай ауданында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1918 шақырымында, Гүлшат кентінен 10 шақырым жерде "Мерседес"рейстік автобусы аударылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келтірілген деректерге сүйенсек,салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болды.
«Қарағанды облысы ТЖД "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы зардап шекен 6 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии