ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: РФ билігі халықаралық аренада беделден жұрдай болды

3601
Adyrna.kz Telegram

Бұл кімге пайдалы?

. Қазақстанға таралатын теледидар арқылы РФ Госдумасы депутаты В.Никоновтың "қазақтарға орыстар сыйлаған Солтүстік Қазақстан жері" туралы пікір білдіруі..

. Ресейдегі Қазақстан елшілігінің шарбағында "Солтүстік Қазақстан - орыс жері" деген жазуы бар баннердің пайда болуы..

Грузия мен Украина Ресейден мүлдем алыстады..

Мақтаулы деген орыс қаруы Сирия мен Қарабақта түкке тұрғысыз металолом екенін бүкіл әлем көрді..

Беларусь халқы да Батысқа бет бұра бастады..

Ресейден біржола ажырауы уақыт еншісінде..

Осыған дейін Ресей ықпалында саналып келген

Оңтүстік Кавказға НАТО мүшесі Түркия армиясы кірді.

Молдованың жаңа президенті Ресейге сүйенген қуыршақ мемлекет "Приднестровье" тұрғындары жаққан көгілдір отынға ақша төлеуден бас тартып жатыр..

Батыс елдері салып жатқан санкциялар..

АҚШ билігінде Ресейге жұмсақтық танытқан Трампты "Ісім РФ мен ҚХР-н болсын" деп жүрген Байденнің алмастыруы..

Қарап отырсаңыз, РФ билігі халықаралық аренада беделден жұрдай болды..

Мынау интернет заманында ақпаратты жасыру мүмкін емес. Біз көргенді РФ халқы да көріп отыр..

Онсызда тұрмысы ауыр РФ қарапайым халқының әлеуметтік жағдайын пандемия тіпті нашарлатып жіберді..

Орыс халқы революцияшыл халық екені белгілі..

Хабаровскінің шерулетіп жатқанына жарты жылға жуықтап қалды..

Егер орыс халқы билігіне қарсы көтеріліске шықса алдымен тәуелсіздікке Солтүстік Кавказ ұмтылып, Әзірбайжан жерінде тұрған түрік әскерлерін жанжалға киліктіруге әрекет жасайды..

Саха, татар, башқұрт, буряттардың ішінде де "Броун қозғалысы" бұрыннан бұрқылдап жатыр еді. Орыс халқы өз билігіне қарсы көтеріліске шықса, бұлар егемендігін жариялауға ұмтылары анық.

Енді РФ билігіне өз халқының алдында беделін көтеретін "Жеңіске жететін кішкентай соғыс" керек болған болса таңғалуға болмайды.

Мұндай жағдай Ресей тарихында бұрын да болған (1904 ж. Ресей империясында революциялық ахуал қалыптасқанда сол кездегі Ресейдің Ішкі істер министрі В.Плеве "құртақандай" Жапонияға соғыс ашып, Корей түбегін тартып алып халық алдында үкіметтің беделін көтеруді ұсынған..

"Құртақандай" деген Жапония Порт-Артурда Ресейдің быт-шытын шығарып, масқара келісімге қол қойдырған).

Беті аулақ..

"Солтүстік Қазақстан - орыс жері" деген әңгіменің соңы аннекциямен аяқталудан сақтасын...

Сондықтан, "Құдай сақтанғанды сақтайды" деген..

РS. Мұны өзге насихат ресурстары таусылған соң, жоқ жерден жау тауып "халықты бір идеяның маңына шоғырландыру" мақсатында Қазақстанның өз ішіндегі кейбір күштердің ұйымдастыруы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды..

Пікірлер