Таулы Қарабақта тағы атыс болды

2279
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/5fd564d914dfa959448385.jpeg
Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері жақында әзербайжандық әскерилер олардың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды», - делінген хабарламада. Әзербайжан тарапы жағдай туралы түсініктеме бермеді. Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған еді. Әзербайжан тарапы жағдайға қатысты түсініктеме бермеді  
Комментарии