Қазіргі білім беруде оқытудың өзекті мәселелері

714

Еліміздің өркендеп қанат жайып өсіуіне,қоғамның дамуы мен заман ағымындағы болып жатқан соңғы жаңалықтар мен өзгерістер білім беру саласының алғашқы сатысы болып жүзеге асырылады.Заман талабына сай білім беру саласына да көп көңіл бөлініп отырғаны баршаға мәлім.

Педагогика ұзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында,педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды.Қазіргі заманғы ғылыми дифференциацияға,оқытудың бөліну аймағындағы тенденцияға енеді.Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту,тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән жалпы педагогика.

Педагогика – кең ауқымды ғылым.Оның шұғылданатын оқу және тәрбие мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес.

Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп,көптеген білімдер жинақтап,бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр.Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда.Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып,адамның болашағы оның алған білім сапасының көлеміне,ойлау деңгейіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу.»-делінген.

Бұл білім мекемелерінің мұғаліміне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық нұсқаны кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: қазіргі білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Атап айтқанда:

-Білім мазмұны жаңа біліктермен,ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамыуымен,ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылауымен байи түсуде;

-Ақпараттық дәстүрлі әдістер ауызша және жазбаша,телефон немесе радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығыстырып орын беруде;

-Баланың жеке басын тәрбиелеуде,оның жан дүниесінің рухани баюына,азамат,тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын «жаңа тұрпатты» сабақ қандай болмақ? Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Мұғалімді оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандыруы қажет. Сондықтан рольдік ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мақсатты алға қойып, мұғалім өз тәжірибесіне оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасу керек. Бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы белгілі. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім (конструктивтік) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау сияқты белсенді әрекеттерді талап етеді. Сондықтан, пәндерді жекелей бермей, мазмұны жағынан ұқсас пәндерді біріктіре беруді тәжірибеге енгізген жөн, нәтижесінде оқушы алып жатқан білімін қайда қолданатынын ұғынып, оқуға деген ынта-жігері артады.

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

  • дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
  • қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
  • сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
  • оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
  • біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

 

Педагогикалық технологияның міндеттері:

  • әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
  • мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
  • технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
  • технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
  • оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

 

Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды,  жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы – әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:

  • іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
  • оқытуды талап ететін әрекетті  қалыптастыруды іріктеген  қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".
  • алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру.

М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.

Әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Физика" мамандығы бойынша 1 курс магистранттары Түзелбек Индира және Сейдуалы Хадиша;

Философия және саясаттану факультетінің профессоры, доцент Данат Жанатайұлы Жанатаев.

Пікірлер
Редакция таңдауы