Ақтөбе облысынан табылған сармат көсемінің қорғанын зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды

2484
Adyrna.kz Telegram

Өткен жылдың қазан айында Темір ауданының Тасқопа елді-мекеніндегі қорымнан табылған сармат көсемінің қорғаны мен әшекей алтын бұйымдарды зерттеп қалыпқа келтірудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл жөнінде Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институттың бас директоры Бауыржан Байтанаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуінде мәлімдеді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобасына 7 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторы, 2 академик жұмылдырылған. Жобаны зерттеу 3 кезеңнен тұрады. Тарихи жәдігерлер толық зерттелген соң Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейіне тапсырылып, көпшілік назарына ұсынылмақ. Оңдасын Оразалин институт директорына зерттеудің екінші кезеңін жүйелі жалғастыруды, сармат жауынгерінің бұйымдарын реставрациялау жұмыстарын алдағы жылдың көктемінде аяқтау керектігін тапсырды. Айтып өтейік, бұдан өзге де “Ақтөбе облысының киелі жерлерінің географиясы" ғылыми бағдарламасы аясында институт тарапынан ірі жеті ғылыми - зерттеу жобалары орындалуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер