Франциялық мұғалімнің басын кескен жігіт құрметпен жерленді

3379
Adyrna.kz Telegram

Шешенстанның Урус-Мартан ауданында 18 жасар Абдулак (Абдуллах) Анзоров жерленді. Ол Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарды мазақ қылған суреттерді көрсеткені үшін тарих пәнінің оқытушысы Самуэль Патидің басын кесіп тастаған болатын, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиғадан кейін қылмыскерді полиция атып өлтірді.

Анзоровтың жерлеу рәсімі 5 желтоқсанда Шалажи ауылында өтті. Оны ақтық сапарға шығарып салуға жалпы 200 адам жиналған.

Айта кетейік, жергілікті билік арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдап, тәртіпті сақтау үшін 65 полиция қызметкерін жақын маңға қойған. Сондай-ақ, рәсімге басқа ауыл тұрғындарының келуіне тыйым салды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер