Алматы қоғамдық көліктеріне тегін Wi-Fi орнатылуда

1911
Adyrna.kz Telegram

Адамзат қауымы жыл, ай санап емес, тіпті, апта,  күн санап цифр­ландыру заманының сиқырлы әлеміне енуде. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Олар қазірдің өзінде оң нәтижелерін көрсетуде. Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Сондықтан болар еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды.

Ару қала Алматыда бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы барлық салада тиісті деңгейде жүзеге асып келеді десе болады. Оның бір мысалы, мекеме, ғимараттар қойып, енді қоғамдық көліктерге тегін Wi-Fi орнатылуда. Енді жолаушылар жол бойы ақысыз интернетті қолдана алады.

Жоқ, әзіл емес. Алматы автобустарында шынымен жұмыс істейтін EZ Wi-Fi пайда болды. Ал EZ Wi-Fi дегеніміз не? Бұл сіз жүретін автобустардағы жаңа, тегін интернет. Егер бұрынырақ автобуста «ақысыз Wi-Fi» функциясы жұмыс істемей немесе қол жетімсіз болса, бүгінде бұл мәселе EZ Wi-Fi компаниясы арқылы шешімін тапты. Айта кетейік, EZ Wi-Fi компаниясы 2019 жылы Алматы қаласы мен Қазақстан қалаларында жер үсті көліктерін Wi-Fi-ға ақысыз қосу желісін құру жобасы бойынша тіркелген, ал команданың 2012 жылдан бері бұл бағытта тәжірибесі бар.

Бүгінгі күні Wi-Fi желісі бар маршруттар мыналар. Автобустар: 92, 120, 121, 63, 37, 38, 141, 62, 104, 215, 18, 99, 19, 95, 52, 56, 59, 62, 70, 71, 72, 74, 80, 86, 104, 115, 123, 124, 127, 141, 215. Троллейбустар: 1, 5, 7, 11, 12, 19, 25.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ендігі кезекте тегін интернетті жайлылықпен және рахатпен пайдаланыңыз дегіміз келеді.

Д.Арғынгелді,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер