e-gov қандай онлайн қызметтер ұсынады?

693

Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі.

Ол азаматтарға арналған төмендегідей онлайн қызмет ұсынады.

  1. Отбасы

- азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою;

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;

-атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;

-аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу;

-бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою;

-балабақшаға кезек нөмірін қарау және т.б

2.Денсаулық сақтау

-азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру;

-дәрігердің қабылдауына жазылу;

-дәрігерді үйге шақыру;

-дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды алу және т.б.

  1. Білім

ехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;

-техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау;

 -шетелде оқитын студенттерді тіркеу және т.б

4.Жұмықа орналастыру және жұмыспен қамту

-бос орын іздеу және конкурста қатысуға өтініш тапсыру;

-жеке істі сұрату;

-жеке қадір-қасиетін бағалау үшін тестілеуге жазылу;

-жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама алу және т.б

  1. Әлеуметтік қамтамасыз ету

-арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

-арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;

-жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау;

-зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу және т.б

  1. Азаматтық миграция және иммиграция

-еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;

-ЖСН туралы мәліметтер  алу;

-Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту және т.б

  1. Жылжымайтын мүлік

-жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;

-«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету;

-мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру және т.б 

  1. Кеден және салықтар

-дербес несие есебін алу;

-еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу;

 -есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;

-жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу және т.б

9.Құқықтық көмек

-талап-арыз беру;

-сот хаттамасын электрондық түрде беру туралы өтініш беру;

-архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру және т.б

Онлайн қызмет  алу үшін не істеу керек?

1)Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

2)Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

3)Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, өңделген көшірмемен танысу.

Халық e-gov жүйесіне қандай баға береді? «Адырна» ұлттық порталы сұрап білді.

Гүлнара Дүйсенқызы:

–Болашақта халыққа қажет анықтамаларды қазақ не орыс тілдерінен бөлек, ағылшын тілінде де алатын жағдайға жетсек, тіпті керемет болатын еді.

Серік Әбесұлы:

–e-gov жүйесі өте ыңғайлы. Үйден шықпай-ақ қажетті анықтамаларымды алып жүрмін. Сондай-ақ, мені қызметкерлердің кері байланысы ерекше қуантты.

Айсұлу Арманқызы:

–e-gov сайты жиі істен шығады. Осы бір ақаулықтарды жөндесе екен деген тілегіміз бар.

Қайрат Серікбай:

–ҚР электрондық үкіметі арқылы балаларымды балабақшаға кезекке қойдым. Негізінен egov мобильді қосымшасы өте ыңғайлы жасалған. Құрастырушыларға алғыс айтамын!

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы