Құлыпты таңдап, қандай адам екеніңізді біліңіз

9656
Adyrna.kz Telegram

Ашқыңыз келетін құлыпты таңдап, қандай адам екеніңізді біліңіз.

1. Сіз – көшбасшысыз!

Қиындықтар мен қақтығыстардан қорықпайтын жансыз. Күрделі мәселелер сізді іс-әрекетке итермелейді және ынталандырады. Басқаларды басып, оларға өз ережелеріңізді енгізе аласыз. Сонымен қатар, барлығының жақсы болатынына нық сенімдісіз.  Десе де, сізге жұмсақ болуды үйрену қажет.

2. Сіз – оптимистсіз!

Адамдар сізді өмірге деген оң көзқарасыңыз үшін жақсы көреді. Әрқашан өзгелерге қолдау білдіретін, оларды тыңдап, жігерлендіретін көңілді әрі мейірімді адамсыз.  Жаңа компанияда ұялшақ болуыңыз мүмкін, бірақ «өз» ортаңызда барлығының басын қосатын белсенді жансыз . Кейде жалғыз қалып, үмітсіздікке бой алдыртатыңыз бар. Бұл қасиеттен арылу қажет.

3. Жігерлі және көңілді адамсыз!

Өзгелер «мәңгі жас» деп атайтын адамдардың санатына жатасыз. Жаныңызға жақын жандарды шабыттандырып, олардың көңілін қалай көтеруге болатынын жақсы білесіз. Әрқашан жаңа эмоцияларға құштарсыз. Егер сіз өзіңіздің эмоционалды уайымыңызды дұрыс бағытқа бағыттай алмасаңыз, жүйке ауруына шалдығуыңыз мүмкін.  Экстремалды спортпен немесе медитациямен айналысып көріңіз.

4. Аналитикалық ойлау қабілеті мен үлкен ерік-жігері бар тұлғасыз!

Жауапты әрі ұқыптысыз. Айналаңыздағылар үнемі сізге сенім артады. Көп нәрсеге қол жеткізе алатын ерік-жігеріңіз бар. Еңбектеніңіз!

5. Рухани бай адамсыз!

Кейде өзіңіздің түйсігіңіз бен ішкі инстинктіңізге таңданасыз. Басқаларға қарағанда тереңірек ойлайсыз және үстірт жауаптарға қанағаттанбайсыз. Өмірдің мәні мен ішкі үйлесімділік сынды тақырыптарға қызығатын адамсыз. Сізден философ немесе рухани жетекші шығар еді.  Бірақ өз болмысыңызды маска астында жасырасыз. Шынайы болыңыз!

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер