БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Дүниедегі ең өтірікші адамдар - молдалар

12852
Adyrna.kz Telegram

Дүниедегі ең өтірікші адамдар - молдалар. Көзіңді бақырайтып тұрып өтірік айтқан талай молданы көріп жүрмін. Оларға жауап қайтарсаң күнәхар әрі дозақы болады екенсің. Осылар сәл кітап ашып қараса екен. Осы ғана өтінішім бар. Одан кейін тарих жайында ештеңе айтпасыншы.
Мысалы, олар билік басындағы триллиондап (миллиардтап жайына қалды) ұрлап жүргендерді ел тізгінін ұстаған асыл азаматтар дей келе, бір үзік жіпті қалтасына салған кедейді сол үшін көрінде жыланға таланады деп тұрып пергілейді. Сонда Құдай тағалам триллиондап қазынаны ұрлағанды асылға жатқызып, кедейді қорлағанның үстіне қорлап, осыншалықты әділетсіз болып тұр ма? Бұл қалай болды? Негізі бұл жерде осылай айтқан, тамағы үшін елді алдаған молда әділетсіз болып тұр. Тозаққа осылай айтқан адам барады. Миллиондардың ақысын жегендер асылдар, бір шүберекті мәжбүр болып қалтасына салған кедейлер әпсанада тозақылық болып шығады. Міне, логика. Менің басымды кесіп алсаңдар алыңдар, шындыққа дұрыс қараңдар. Бұлар Құдай мен халыққа емес, қашанда билікке жұмыс істеп жүрген адамдар ғана.

Пікірлер