Жерді сату ғана емес, жалға беруге де тыйым салу керек

5046
Adyrna.kz Telegram

«Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында арнайы баяндама жасаған партияның төрағасы Азат Перуашев шетелдіктерге жерді сатуды ғана емес, біздің елмен шектесіп жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді жалға беруге де тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы шетелдіктерге жерді беруге қарсы шыққан көптеген митингілерден кейін жерді сатуға жарияланған мораторий мерзімі аяқталады. Осы кезде «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің жер комиссиясына – сепаратистік пиғылдарды болдырмау мақсатында шетелдіктерге жерді сатуды ғана емес, біздің елмен шектесіп жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді жалға беруге де тыйым салуды ұсынды. Алайда шенеуніктер осы ұсынысты комиссияның қорытынды хаттамасына енгізбеді. Осыған байланысты мораторияның аяқталуы қарсаңында біз тағы да Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді сатуға және жалға беруге тыйым салуды талап етеміз», -деп мәлімдеді партия төрағасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер