Жалған 800 мың АҚШ долларын сатқан

2579
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жалған 800 мың АҚШ долларын сату дерегі анықталды, деп хабарлады «Адырна» ұлттық порталы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ долларын құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар күдікті жалған 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтаған.

Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер