Ким Чен Ын қайда жүр?

2457
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын ұзақ уақыттан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Бұл туралы "Енхап" агенттігі хабарлады.

КХДР басшысы Кореяның Еңбек партиясы ОК Саяси Бюросының отырысын өткізді. Кездесуде Ким Чен Ын "эпидемияға қарсы жұмысты" күшейтуге шақырды және елдің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтау қажеттігін атап өтті. Солтүстік Корея лидері 25 күн дегенде алғаш рет қоғамдық шараға қатысқан.

Бұған дейін Солтүстік Корея коронавируспен күресу үшін төтенше шаралар қабылдағаны туралы хабарланған болатын. Оңтүстік Кореяның барлау қызметі көршісін Қытаймен шекараны миналаған деп мәлімдейді. Сонымен бірге, Пхеньянда апатты салдарға әкелуі мүмкін COVID-19 таралуына қарсы күресетін техникалық немесе физикалық құралдар жоқ екендігі баса айтылады.

Lenta.ru

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер