Орта салмақта WBO Global титулын жеңіп алған боксшы, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) осы дивизионда WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) шаршы алаңда кездесуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқырмандар есіне сала кетсек, бүгінге дейін елімізден шыққан боксшылардың төртеуі әлем чемпионы болған екен. Яғни олар, Василий Жиров, Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин және Жанат Жақияновтар еді. Ал, Г. Головкин қазір де белбеуі қолында бар боксшы.
Әлем сахнасында Головкинның салмағында жұдырықтасып жүрген боксшымыз Жәнібек келесі жылы әлем чемпионы атану ойында.
Ол твиттердегі жеке парақшасына: "WBC рейтингінде алтыншы. Дайын бол, Чарло, 2021 жылы жұдырықтасамыз", - деп ресми мәлімдеме жасады.
Ұларбек Дәлейұлы
Сурет интернет желісінен