Шымкент: Орман тұқымдығында көктемге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

651

Шымкент қаласында жасыл алқаптарды көктемге дайындау жұмыстары жүруде.

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Жасыл белдеу" КММ-нің қызметкерлері қала аумағынан боз арша және акация ағашының тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізді.
Онымен қоса гледичия ағашының тұқымдарын себуге дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 8,2 гектар аумақтағы орман тұқымбағында себуге дайын болған тұқымдарды себу үшін жер дайындалуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы