Ақтөбелік шаруалар тиімді жұмыс істей бастады

3099
Adyrna.kz Telegram
Жыл басынан бері ақтөбелік шаруалар 236,4 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін өндірді,- деп хабарлады өңір басшысы Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  баспасөз конференциясы барысында.
«Ауыл шаруашылығы облыс экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады және өсімнің қосымша резервіне айналуы мүмкін. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі  4,3% - ды құрады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін жергілікті тауар өндірушілер есебінен қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыру қажеттігін атап өткен болатын. Президенттің тапсырмаларын орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түрі бойынша қосымша резерв құрылды. Бұл мақсатқа облыс әкімдігінің резервінен 300 млн.теңге бөлінді. Бүгінде біздің облыс 32 азық-түлік тауарының  24 түрімен өзін өзі қамтып отыр. Халықты ірі сауда желілері арқылы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін айналым қаражатына 500 млн.теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылы 124 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді", - деп атап өтті облыс әкімі.
Таяудағы 3 жылда осы салада 192 млрд.теңгеге 23 ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Биыл өңірде 5 гектар жылыжай кешенін, 400 бас ірі қарасы бар сүт тауарлы ферманы және т.б. пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жарын 4 мың бас ірі қара малға 3 сүт тауарлы ферма, қуаттылығы жылына 20 мың тонна болатын құс еті болатын  құс фабрикасын ашу жоспарда бар.
Әр түрлі субсидия түрлеріне 19,7 млрд. теңге қарастырылған, сның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға, гербицидтер мен тыңайтқыштарды арзандатуға 1,3 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді. Нәтижесінде орташа түсімділік 35,3% - ға дейін артты. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 10,3 млрд теңге субсидияланғаннан кейін асыл тұқымды ірі қара мал басы 6,5%, ұсақ мал басы 1,8% өсті.
Пікірлер