Шымкент: Абай ауданында 4 мыңға жуық отбасы көмірмен қамтамасыз етілді

1743
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының аудан аумақтарында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Мәселен, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үйдің 415-і орталық жылу жүйесіне қосылған болса, олардың барлығы бүгінде қысқы жылу маусымына дайын. Ал 38 көпқабатты үй жеке қазандыққа көшкен.

Атап айтқанда, «Қуатжылу сервис» ЖШС – 225, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС – 38 және «Нұр-Д» ЖШС бойынша 28 үй қысқы маусымға дайындалды.

Аудан әкімі Б. Пармановтың айтуынша, қысқы жылу маусымында қатты отынды (көмір) пайдаланатын 3 987 жеке тұрғын үйге 19 935 тонна көмірдің қажеттілігі бар болған. Бүгінгі таңда, көрсетілген 3 987 отбасыға 19 935 тонна көмір тасымалданып, толығымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, аудандағы дебиторлық қарыз көлемі 192,2 млн теңгені құрап отыр. 10 ай ішінде 128,6 млн теңге қарыз өндірілген немесе 39 % - ға азайған. Дебиторлық қарыздарды өндіру бойынша тұрғындарға «Қуатжылу» мекемесімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қарызы бар азаматтарға тұрғын жайы және жұмыс орны бойынша ескерту парақтарын тарату жұмыстары қолға алынды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер