Шымкент: Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру - басты назарда

2071
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/7a08c1e5-79c5-4bb8-a6f0-7f5c6366ce29.jpeg
Шымкент қаласында 752 білім беру ұйымында 26 708 педагог қызмет етеді. Оның ішінде, 133 мемлекеттік мектептегі педагогтар саны – 15 578. Бүгінде олардың 14761-і жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар, биыл «Өрлеу» арқылы 8 288-і курстан өтті. Одан өзге, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4 500 мұғалім тегін оқыту курстарынан білім алған. Сондай-ақ, мектептерде 190 ұстаз робототехника курсын, 200 информатика пәні мұғалімі жаңа форматта және 240 мұғалім 3D принттинг курсын тәмамдаған. Маусым-шілде айларында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жалпы 4879 педагог оқытылған. Ал, тамызда «Onlain.kz» платформасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 15 578 педагог курстан өткізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии