COVID-тің ақшасы «ұстағанның-қолында, тістегеннің-аузында» кетуде

2879
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген ақша ұрланған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері пандемияға бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Жамбыл облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы облыстың әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын жоғары бағамен сатып алу арқылы бюджет қаржысын жымқырған. Қазіргі кезде лауазымды тұлғаларға қатысты  ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Пандемияда бөлінген қаражаттың  8 миллион 730 мың 560 теңгесін қалтаға басқандар заң алдында жауап береді делінген ресми орган таратқан ақпаратта.

Пікірлер