Шымкент: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалі табысталды

1467
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды.

Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады.

- Бұл марапат - бүкіл әлемде орын алып отырған дертпен күресте халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен азаматтарымыздың орасан еңбектері мен ерліктерін бағалау болып табылады. Қиын кезеңде ерлік жасап отырған сіздердің және сіздермен бірге тығыз жұмыс атқарып, аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін, - деп Мұрат Әйтенов алғы шепте жүрген барлық белсенді азаматтарға алғысын білдірді.

«Халық алғысы» медалін алғандар:
1. Злавдинов Вельким Ильич - «Визит» ЖШС бас директоры
2. Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы - Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы
3. Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы- «Юг Oil pro» ЖШС бас директоры
4. Мырзахметова Шолпан Исабекқызы- Қалалық диагностикалық орталықтың бас дәрігері
5. Білісбеков Жұмағали Дәулетбекұлы - Азаматтық альянс президенті
6. Попкова Катерина Владимировна - «Хабар 24» телеарнасының журналисі
7. Топишев Тимур Ертарғынұлы - Полиция департаментінің басқарма бастығы
8. Ташпулатов Ерполат Розақұлұлы - «ЛТД Тұрмыс» ЖШС жүргізушісі
9. Қамбар Жани Сайдуллаұлы- «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі
10. Жаппарқұлова Анар Әбусайылқызы - «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры
11. Қыдырәлиев Жасұлан Базарбекұлы - Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері
12. Қаратүнов Нұрсейіт Ахатұлы-«Шымкент Жасыл қала» ЖШС бригадирі
13. Әбдіраманова Бақыткүл Жақсылыққызы - № 2 оңалту орталығының мейіргері
14. Дүйсенбаева Шахадат Нәдірқызы - № 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тазалаушысы
15. Керімбаева Наргиза Абайдоллақызы - «Клуб добряков Шымкента» волонтерлік қозғалысының волонтері
16. Нұрмұрзаев Рахымжан Қуанышбайұлы -«Шымкент темір жолы» волонтерлік қозғалысының жетекшісі
17. Саранова Данара Юрьевна -«Выпускники Access» жастар қоғамдық ұйымының президенті
18. Малдақасов Ерлан Әсютұлы - «Компания «13 регион» ЖШС директоры
19. Зейноллаев Қуандық Бақытжанұлы - «Выпускники Access» жастар қоғамдық ұйымының волонтері
20. Казьмин Тимур Николаевич - «Shymkent volunteers» волонтерлік қозғалысының волонтері

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер